Ұлан Сарқұлов пен Мақсат Жебегенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. Ақорда баспасөз қызметі Мемлекет басшысының өкімдерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.