• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мирас 12 Қазан, 2023

Таңбалы тастар тіл қатса…

476 рет
көрсетілді

Тастағы жазулар не айтқысы келеді, нені меңзейді, не білгені бар? Біз оларды неге естімейміз? Жел сайрайды, аспан күрсінеді, найзағай ойнайды, бұлт іркіледі, ал неге жартастар үнсіз? Ондағы таңбалы әріптер беймәлім әлемнің отшашуы секілді жарқ етіп, жоқ болады. Оларды уақыт өшіре алмайды, өшірсе, тек адам ғана қауқарлы. Бірақ оны түсінер де солар емес пе?

Киелі Жетісу жері, бұл қазақтың тарихын тамыршыдай тап басқан, шежірелі шалдай шер тарқатса, буыны босап сала беретін әулие мекен емес пе? Тауға қашалған идеограммалар, балбал тас­тар, қоянжон құм жоталар, түйе өркешті төбелер – қарт тарихтың қазынасы. Соны сезген әуесқой архео­лог­тер­­ Талдықорған маңынан пет­ро­­­­­глифтердің ең үлкен шоғы­рын тапты. Қадым заманнан қат­талған, кісі көзінен тасада жатқан кепиетті орын 80 шаршы шақырым жерде қоныс тепкен. Бұл некро­по­лис, ежелгі қоныстар және керуен сарайы бар архео­ло­гиялық кешен. Ғалым­дар әзірге ескерткіштің оннан­ бір бөлігін ғана зерттеген. Әуесқой археологтер осы біре­­гей петроглифтер кеше­нін төрт жыл бойы зерттемек. Әрине, бәрі уақыттың енші­сін­де, әйткенмен, бұл жазулар әлденені айтқысы келетінін сондағы жұрт сезіп отыр.

Алдын ала мәліметтер бо­йын­ша мұнда ежелгі бейнелеу өнерінің 26 мың суреті шо­ғырланған. Негізінен ол жерде жануарлардың бейне­ле­рі мен шайқас және аң аулау­ көріністері бейнеленген. Архео­логия институтының онда­ған экспедициясына қаты­суға мүмкіндік алған, 40 жылдық тәжірибесі бар әуес­қой археолог Ольга Гуми­­ро­ва бұл қасиетті орынды­ тек елде ғана емес, сондай-ақ басқа да жердегілермен салыс­­­тыр­ғанда ең үлкені деп­ атауға бо­латынын айтты. Архео­лог­терді табылған ке­шен­­­нің 4 мың жылдан аса уа­қыт бойы өзінің бастапқы тү­рін­­­де сақталғаны қуантқан. Бұл­ құн­дылық зерттеу жұмыс­та­ры­­ жүйелі жүруіне жәрдем­дес­­­пек.

«Суреттерде көрсетіл­ген­дер­ді Жетісу аумағындағы көш­пелілікті дамыту энциклопедиясы деп атауға болады. Онда көшпеліліктің пайда болған кездері баяндалған. Өйткені мұнда қола дәуіріндегі сурет­тер бар. Бұл біздің елдің ғана емес, сондай-ақ әлем­дік тарих пен мәдениеттің бай­лы­ғы деп санаймын», дейді О.Гумирова.

Қазір археологтер нысан­ның төлқұжатын жасап жатыр. Бұл өте ауыр жұмыс, әр сурет­тің координаттарын зерттеу, бекіту, оның орналасуы мен ерекшеліктерін сипаттау және Марғұлан атындағы археология институтының петроглифтер базасына енетін төлқұжатын жасау қажет.

Тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау орта­лы­ғының басшысы Ғалымжан Оспановтың айтуынша, зерттеу жұмыстарына облыстық бюд­жеттен 9 млн 700 мың теңге бөлінген. Қазіргі уақытта бар­лық конкурстық рәсім өткі­зілген. Тіпті жеңімпаз да анық­талып, ескерткіштерді қор­ғ­ау орталығымен келісім­шарт­қа қол қойылған. Соған сай жұмыстар жүріп жатыр. Алда­ғы­ уақытта Қаратал ауда­ны­ бойынша археоло­гия ескерт­­­кіштеріне паспорт­тау жүргізіледі. Бұл ескерткіш­тер­дің қорғау аймақ­тарын анықтауға, есепке алуға және орнатуға мүмкіндік бермек.

Мамандардың сөзіне қара­­­­­ғанда, ғалымдар Қазақ­стан­ды «петроглифтер елі» деп атай­ды. Өйткені олардың 300-ге жуық кластері бар. Ал Талдықорған төңірегінде оннан аса көне тарихи-мәде­ни мұра ескерткіштері шоғыр­ланған. Ешкіөлмес шатқалы Еуразия аумағындағы петро­глифтердің ең көп жиын­ты­ғы деп танылған. Сондай-ақ Алабасы, Баян­жүрек, Арқ­а­рлы архео­ло­гия­лық кешен­дері бар және бұл аз ғана бөлігі екен. Қасиетті орын­да табылған ежелгі үңгір суреттері әлемдегі ең үлкен галерея. Археолог Бекбол Нұрмұханбетов бірлес­кен күш-жігердің нәти­жесінде тағы бір тақтаны сақтап қалған. Мұның бәрі тарихымыздың бетіне тағы бір тақырып болып жазылар үлкен естелік екені даусыз.

Қазір қаржы мәселесі істі бұйдалап тұр. Қолда бар ақшаның жеткіліксіздігінен бұл бірегей археокешенді зерттеу көптеген жылға созылуы мүмкін. Сондықтан ғалымдар нысанды пас­порт­тауға асығып жатыр. Содан кейін ол тек мемлекеттің қорғауына ғана емес, сонымен бірге ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енеді деген сенімде. Іске бел шеше кіріскен білікті мамандар соңына дейін райынан қайтпауға бекініп отыр. Тек таңбалы тастар тіл қатса жетіп жатыр…