• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қазан, 2023

Балабақшадағы әрбір қабырға қазақша «сөйлеп» тұруға тиіс - Манар Адамова

392 рет
көрсетілді

Баласының орысша шүлдірлеп бара жатқанына алаңдаған ата-аналар баласын қазақтілді балабақшаға бергенімен нәтиже болмай тұр. Әріптесіміз Айдана Шотбайқызы осы бір өткір мәселені «Баламды қазақшаға біл деп бердім» атты мақаласында көтеріпті.

Автор баласын қазақтілді балабақшаға беріп, бірақ баласы онда керісінше орысша шүлдірлеп кеткен мысалды келтірген. Қазақ тобына баратын 25 баланың екеуі ғана қазақша сөйлейді екен. Қазақ тобындағы орысша сөйлейтін 23 тәрбиеленушінің ата-анасы балаларын қазақшаға білсін деп беріпті. Ал олар қазақша білетін балаларды «бүлдіріп» жүр.

Мақалада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың мемлекеттік балабақшалардың қазақ тілінде болуы қадағаланып жатқаны туралы айтқан сөзі келтірілген. Сол сөзінде ведомство басшысы Ғ.Бейсембаев: «2022 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың қазақ тілінде болуы қадағаланып отыр. Дей тұрғанмен, тілі орыс тілінде шыққан балалардың да бейімделу кезеңінен өтуіне байланысты қазір мамандар жұмыс істеп жатыр. Әдістемелік дүниелерді енгізу арқылы біз бұл балаларға да тиісті көмек көрсетуді қолға алып жатырмыз. Сондықтан бұл мәселе де өз шешімін табады деген ойдамын», деген.

Осы орайда автор министр айтқан әдістемелік дүниелер жайында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манар Адамовадан сұрап көрген. Ол: «Рес­пуб­лика бойынша таза қазақ тілінде білім беретін балабақшалардың үлесі 70 пайызға жуықтайды. Тілдік ортаны қалып­тас­тыру мен қазақ тіліне басымдық беруге бағытталған «Тілге бойлау» деп аталатын қазақ тілінің бағдарламасы бар. Осы бағдарламаны әзірлеп, сынақ­тан өткізген Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері ми­нистр­лікте жалпы балабақшалар мен мектептерге енгізуді ұсынды. Бұл бағ­дарламаны жүйелі енгізу үшін педагог­терді даярлау керек. Оған қоса, білім беру ұйымындағы әрбір қабырға, кабинет, бөлме мен дәлізге дейін қазақша «сөйлеп» тұруға тиіс. Бірден енгізу қиындау, сол себепті кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған», деп жауап беріпті.