Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 19 қазан күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Соған сәйкес Сенаттың алдағы отырысында депутаттар «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қарайды. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қол қойған заң экономикалық өсуге, өзара және сыртқы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге арналған.
Келісімді қабылдау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы ұйымдарына өзара халықаралық сауда және инвестициялық қызметті қолдауға, сондай-ақ бірлескен бизнес-жобалардың үшінші елдердің нарықтарына шығуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді.