• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шымкент 17 Қазан, 2023

Сенбідегі серпін

168 рет
көрсетілді

Шымкентте өткен сенбілікке 60 мың адам қатысты. Мыңға жуық қала тұрғыны Фосфоршылар сарайының аумағын қоқыстан тазартты. Аталған іс-шара «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясында ұйымдастырылды.

Іс-шарада мемлекеттік қызмет­шілер, кәсіпкерлер, еріктілер, мәсли­хат депутаттары, қоғамдық кеңес мү­шелері, ардагерлер мен тұрғындар белсе­н­ділігімен көзге түсті. Тұрғын­дарға коммуналдық мекеме қыз­мет­керлері көмектесіп, 50-ден аса техника жұмылдырылды. Акция қара­ша айында да жалғасады. Әр сенбіде қураған ағаштардың орнына жасыл желек отырғызы­лып, тазарған аумақтар көгалдандырылады. Бұл ту­ра­лы қалалық жайлы ортаны дамыту бас­қармасы басшысының міндетін атқа­рушы Әбілқайыр Оңғар айтты. 

Жасы сексеннен асқан еңбек ар­да­гері Өркен Әбдіреев тазалық акциясы­на дән риза. Ақсақал Фосфор­шы­лар сарайы­ның мәселесін жиі көтере­тін. Оның қазіргі ахуалына көңі­лі түсіп, әкім­діктің есігін талай қақты. Сол өтіні­ші­нің орындалғанына енді қуанышты. 

Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев Фосфоршылар сарайының маңын тазалауға қол күші жетпей жүргенін  айтты. Сенбіліктің талайы өтті. Бірақ тазалауға комму­нал­шылар мен тұрғындар көп қатыс­пайтын. Бұл жолы адам деген көп болды. Техника да жетіп жатты.

Жауапты мамандар акция соңында тазалық жұмыстарына қатысқан барша азаматтарға алғыстарын білдіріп, шаһарды көрікті ұстауға, Шымкентті жасыл қала деген атқа шын мәнінде лайықты етуге шақырды.

 

ШЫМКЕНТ