• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қазан, 2023

Қостанай облысында жаңа ауылдық округ пайда болады

181 рет
көрсетілді

Қостанай облысында жаңадан ауылдық округ құрылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.

Әкімдік қаулысы мен мәслихаттың бірлескен шешім жобасы Ашық НҚА порталында жарияланып отыр. Жаңа құжатта Жітіқара ауданында жаңа округ құру туралы айтылған.

"Степное ауылын округ орталығы деп белгілеп, құрамында Жітіқара ауданының Степной және Аққарға ауылдары бар Жітіқара ауданының Степной ауылдық округі құрылсын", - деп жазылған құжатта.

Аталған бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланғаннан бастап 10 күн өткен соң күшіне енетін болады.