• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 18 Қазан, 2023

Көксеркені көбейту тәсілі

243 рет
көрсетілді

Көксерке – балық шаруашылығындағы құнды балықтардың бірі. Еуропаға экспорты ұлғайғандықтан әрі су айдындарының барлығында көп ауланатындықтан, санының күрт азайғаны байқалған. Осыған байланысты ел ғалымдары көксерке балығын жасанды жолмен молайтудың биотехнологиялық тәсілін ойлап тапты.

Елімізде көксерке өсіру үлкен әле­уетке ие. Өйткені отандық көк­серке филесі бүкіл әлемде жо­ғары бағаланады. Сондай-ақ қазіргі уақытта көксеркенің отыр­ғызу материалына да үлкен сұра­ныс бар. Бұл ретте балық өсіру кә­сіп­орындарында тұйықталған су­мен жабдықтау қондырғысы жағ­да­йын­да жасанды өсімді молайту­ тех­но­логиясын әзірлеу басты мін­дет­­тердің бірі.

– Елімізде алғаш рет көксеркені тұйық сумен жабдықталған қон­дыр­­ғыларда жасанды молайт­у тех­нологиясының әзірленуі – жоба­ның ғылыми және практи­ка­лық маңыздылығы. Сыртқы фа­к­торларға, әртүрлі жас топта­ры­ның тіршілік әрекетінің биоло­гия­лық, физиологиялық және тех­но­­логиялық ерекшеліктеріне, өсіру жағдайларына байланыс­ты­ көксеркенің отырғызу мате­риалын алу үшін оңтайлы жағ­дай­лар айқындалды, – дейді биология ғылымдарының кандида­ты, С.Сейфуллин атындағы Қа­зақ агр­о­техникалық зерттеу уни­вер­си­теті Аңшылықтану және ба­лық шаруа­шылығы кафе­д­ра­сы­ның аға оқытушысы Жасқайыр Қара­ғойшин.

Ғылыми жұмысты «Жабайы таби­ғат» білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс докторанты Жақ­сығали Қуанышәлиев жасап шық­қан. Ал жобаға чехиялық ға­лым Томаш Поликар кеңесші бол­ған. Жобаның ғы­лы­ми жетек­ші­сі – ветеринария ғы­лым­дарының кан­дидаты, доцент Қуаныш Сыз­ды­қов. Олар аталған жобаны 2021 жылы қолға алып, желтоқсан айын­­да аяқтаған.

Жоба авторының айтуын­ша,­ еліміздің балық өсіру кә­сіп­­орындары балықтарды мо­лайту технологиясының болмауына байланысты тұйықталған сумен жабдықтау қондырғысында өнімнің кейбір объектілерін пай­да­­­лану мүмкіндігіне ие емес. Бұл жобаның негізгі идеясы – ба­лық отырғызу материалы мен көк­серкенің тауарлық өнімдерін алу үшін оны көбейтудің озық әдіс­те­рін­ өндіріске бейімдеу.

– Жоба аясында көксерке­нің ана­лық қоры ауланды. Уыл­ды­рық шашу алдындағы тех­ни­ка­лық қызмет көрсету ­13-15С тем­пературада жабық су ­құ­бы­ры қондырғысында жасан­ды­ жағдайда жүргізілді. Уыл­дырық пен уылдырық сүтін алуға өндірушілерге гормонал­ды­ ынталандыру берілді. Содан кейін уылдырық пен сүт алынып, жасанды жағдайда уыл­ды­рық ұрықтандырылды әрі ин­ку­бацияланды. Жоба аясын­да уылдырықты инкубациялау мен желімдеудің жаңа әдістері иге­рілді. Дернәсілдердің уыл­ды­рықтан шығуы 98 пайызды құ­ра­ды. Антропогендік әсер су объек­ті­лерінің өзгеру қарқынын күрт же­делдетті. Бұл түрлердің азаюы­на, олардың популяциялық құры­лы­мын жеңілдетуге және жалпы био­әртүрлілікке әсер етті, –дейді Ж.Қуанышәлиев.

Ал жобаның ғылыми жетекшісі Қуа­ныш Сыздықовтың айтуын­ша, көксеркені жасанды көбейту техно­ло­гиясының негізгі артықшылығы осы әдісті қолданған кезде барлық тех­но­логиялық үдерістер мен сырт­қы факторларды толық бақы­лау мүмкіндігі бар екенінде, сон­дай-ақ көбеюдің маусымдық сипа­ты­ жойылатынында.

– Тұйықталған сумен жаб­дық­тау қон­дырғысындағы көбею кезінде хи­миялық ре­жім, тем­пе­ра­туралық ре­жім, жарық ре­жі­мі, ауа райы жағ­дай­лары, то­ған­дағы жемшөп орга­низм­де­рінің дамуы секілді сыртқы фак­тор­­ларға қарамастан, кез келген уақытта балық отырғызу материалын алуға мүмкіндік бере­ді. Заманауи тұйықталған сумен жаб­дықтау қондырғы технология­лары балық өсірудің барлық жағ­дайын бақылауға мүмкіндік бере­тін­дігіне байланысты. Бұл техноло­гия балық отырғызу материалын алу тұрғысынан да, өнімді сату тұр­ғы­сынан да болашағы зор. Сон­дай-ақ экологиялық аспектіде тех­нологиялық үдерісті бақылау ар­қылы өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – дейді Қ.Сыздықов.

Зерттеу тобы келесі жылы көк­сер­кені қолдан ұрықтандыру және инкубациялау бойынша коммерцияландыру жобасын ұсынуды жоспарлап отыр.