• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 18 Қазан, 2023

Комитеттің көшпелі отырысы

134 рет
көрсетілді

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депу­тат­тары Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында көшпелі отырыс өт­­кізіп, «Республикалық ғарыштық бай­­ла­ныс орталығы» АҚ ұжымымен кездесті.

Сенат комитетінің төрағасы Андрей Лукин өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» технологиялық форумында сөйлеген сөзінде 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығын жаңа буынды ұялы байланыспен қамту жөніндегі жұмысты мерзімінен бұрын аяқтау міндетін Үкімет алдына қойғанын атап өтті.

«Еліміздің Президенті аудан мен ауыл тұрғындарының интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін қойған еді. Осы мақсатқа жету үшін төмен орбитадағы жер серігі жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға баса назар аударылып отыр. Сонымен қатар қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бастама көтереміз. Мемлекеттік және корпоративтік қажеттіліктерге орай жоғары талаптарды орындауда ақпаратты берудің сенімді тәсілі болып қалатын геостационарлық жер серіктерінің маңыздылығын атап өткен жөн», деп атап өтті А.Лукин.

«Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев өз сөзінде ғарыштық байланыс саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Мәселен, ол бүгінгі таңда Қазақстанда «KazSat» сериялы өзінің ғарыштық байланыс жүйесі жұмыс істеп тұрғанын, оның құрамында екі жер серігі мен ғарыш аппараттарын басқарудың екі жер үсті кешені – «Ақкөл» және «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығы бар екенін жеткізді. Қатысушылар шара барысында цифрлық теңсіздікті еңсеру, цифрлық қызметтерді экспорттау, қолданыстағы спутниктерді пайдалану, жерді қашықтықтан зондтау және басқа да мәселелерді талқылады.

Сенатор А.Лукин көшпелі отырыс­ты қорытындылай келіп, айтылған ұсыныстар ескеретінін және саланы жетілдіру жөніндегі депутаттық корпустың ұсыным­дары тиісті мемлекеттік органдар мен Үкіметке жіберілетінін атап өтті. Пар­ламентшілер де қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге жәрдемдесуге дайын.