• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2023

Қарағанды облысындағы мәдениет үйіне «бомба» қойған жасөспірім ұсталды

275 рет
көрсетілді

Саран қаласы маңындағы елді мекеннің мәдениет үйіне жарылғыш зат орнатылғаны туралы  хабарлаған жасөспірім ұсталды, деп жазадаы Egemen.kz.

17 қазан сағат 22:00 шамасында Саран қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз біреу қоңырау соғып, қалаға қарасты елді мекеннің мәдениет үйінде жарылғыш зат орнатылды деп хабарлаған. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жіберілді.

Ғимаратты және оған тиесілі аумақты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес және Саран қалалық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 16 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол бұндай іске әзіл үшін барғанын мойындады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.