• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2023

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты

220 рет
көрсетілді

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев құтқарушыларға жаңа техникалардың кілтін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, техникалардың 7 данасы республикалық бюджет есебінен алынған. Ал қалған 12 техникаға қаржы жергілікті бюджеттен қарастырылған. 

Жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретінін жеткізген.

Еске салайық, өткен жылы өңір басшысы төтенше жағдай қызметкерлеріне 9 өрт сөндіру техникасының кілтін табыстаған еді.