• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Қазан, 2023

Астананың тек бір ауданын мерекелік безендіруге 848 млн теңге жұмсалмақ

264 рет
көрсетілді

Астанадағы Есіл ауданының әкімдігі мерекелік безендіру жұмыстарына 848 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, көпшіліктің назарын аударған миллиондар мемлекеттік сатып алу сайтына шыққан. Онда байқауға қатысуға өтініш 2 қарашаға дейін жалғасатыны көрсетілген.

Әкімдіктегілердің сөзінше, Есіл ауданы елорданың сол жағалаудағы көрнекті орындарды қамтитын болғандықтан, осыншама қыруар қаражаттың қарастырылуы заңдылық. Басқа өңірлерден келетін қонақтар мен туристер де өте көп. Күнделікті қоғамдық, мәдени орындар, алаңдар мен саябақтарда елорда тұрғындары бос уақыттарын өткізеді. Сатып алу сайтындағы тапсырыс алдағы мерекелерге, яғни Республика, Тәуелсіздік күні мен жаңа жылдағы безендіруге жұмсалады деп отыр. Сонымен қатар Есіл ауданы әкімдігінің жауабында мереке күндері сол жағалаудың басты көшелері мен көпірлері жалаулармен сәнделеді делінген.

“Есіл ауданында шет мемлекеттердің ресми делегацияларының қатысуымен халықаралық ісшаралар өткізіліп жатқанын ескере отырып, осы мемлекеттердің тулары мен бағдарды тиісті түрде жобалау, шағын архитектуралық пішіндерді, подиумдарды, сахналарды шығару, орнату және демонтаждау, көпшілік іс-шаралар, соның ішінде концерттер, ашық аспан астындағы, көрме, жәрмеңке өткізу үшін киіз үйлер беріледі”, –делінген Есіл ауданы әкімдігінің хабарламасында.