• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Қазан, 2023

Жеңілдетілген режім екі жылға ұзартылды

165 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық кеңестің онлайн режімде өткен отырысында бірқатар рәсімдік құжаттар қаралып, шешімдер қабылданды. Біздің тарапты вице-премьер Серік Жұманғарин таныстырды.

Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда туралы келісімдері бар елдерден әкелінетін тауарлардың шығу тегін құжаттамалық растау­дың жеңілдетілген рәсімінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұған дейін аталған мүмкіндік ЕАЭО құқығында 2023 жыл­ғы 31 желтоқсанға дейін қарас­ты­рыл­ған болатын. Енді тағы екі жылға ұзартылды.

Бизнес тарифтік преференцияларды алу үшін түп­нұсқаның орнына тауар­дың шығу тегі туралы серти­фи­кат­­тың көшірмесін ұсыну ар­­қы­лы тауарларының шығу те­гін растай алады. Дегенмен биз­нес құжаттың түпнұсқасын тап­сыру талабынан босатылмайды, тек алты айға кейінге қалдырылады.

Сонымен қатар бірқатар құжатқа: Кеден одағының «Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы» тех­ни­калық регламентіне осы құ­жат­тың таралу аясын нақты­лау бөлігінде және медици­на­­лық қолдануға арналған дәрі­лік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Соңғы құжатта 5 жылдан астам уақыт бұрын тіркелген дәрілік препараттардың мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру ережесі түзетілді.

ЕЭК шешімдеріне қатысты нақты әсерді бағалауды (НӘБ) жүргізу және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттарға қатысты реттеуші әсерді бағалау жүргізу тәртібі мақұлданған. НӘБ тиісті шешім күшіне енген күннен бастап үш жыл өткен соң өткізілетін болады.

Үдерістің өзі екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – ағымдағы бағалау. Бұл – тараптардың бизнес-қауымдастықтар өкіл­дерімен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен жария кеңестер өткізіп, олардың қорытындыларын шығаруы. Уақыт бойынша бірінші кезеңге 90 күннен аспайтын мерзім қарастырылған: 60 күн – жария кеңестер үшін, 30 күн – келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды жинақтау үшін.

Екінші кезең – қорытынды бағалау. Бұл нақты әсерді бағалау туралы қорытындының өзін дайындау. Ол үшін ­ 30 күнтізбелік күннен артық емес уақыт қажет.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінде кедендік, Техникалық реттеу, қызметтер көрсету, ақпараттық өзара іс-қимыл және басқа салалардағы экономикалық интеграция­ны дамытуға бағытталған бірқатар мәселе қаралды және қабылданды.