• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Пікір 23 Қазан, 2023

Әділетті қоғамның алғышарты

205 рет
көрсетілді

Әділетті Қазақстан тұжырымдамасының алғышарттары – әділетті қоғам құру, ел азаматтарына теңдей құқық беру, зайырлылық қағидаттарына сүйене отырып, халықтың тең дәрежеде өмір сүру формасы деген сөз. Жер байлығын халыққа теңдей үлестіру, азаматтық қоғам құрып, бақытты, әділетті ұрпақ өсіру, міне, жұрт қалайтын қоғам қағидаты осындай.

Президент Қасым-Жо­март Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып отырған Әділетті Қазақстан жобасының халыққа берері мол, маңызы зор. Кейінгі жылдарда халық­тың әл-ауқатын көтеруге ба­ғытталған бағдарламалар: жағ­дайы жоқ отбасыларға бе­рілетін қаржы көлемінің ар­туы, зейнеткерлердің зей­нет­ақысын ұлғайту, каран­тин­ кезеңдерінде халыққа тө­ленген қаржылай көмек, аз қам­тылған шаңырақ пен көп­балалы отбасыларға бір рет­тік кредиттік амнистия, сту­денттердің шәкіртақысы мен ұстаздардың айлығын көбей­ту секілді игі шаралар атқа­рылып келеді. 2024 жылдан бастап 18-ге толмаған әр азаматымызға дербес шот ашылып, оның қорына қар­жылай көмек аудару да жос­парланып отыр. Одан басқа да Үкіметтің қайта жасақталуы, халықтың мүддесін ойлайтын басшылардың келуі, жаңашыл депутаттардың мінберге көте­ріліп, халықаралық қарым-қатынастарды оң бағытта реттеу, елде бейбітшілік пен тату­лықты сақтау мақсатында ха­лықаралық кездесулер, келіс­сөздер жүргізу сияқты Мем­ле­кет басшысының тара­пынан жүзеге асырылып жатқан істер аз емес. Елдегі экономикалық жағдайдың артуы мен ел бо­ла­шағы тек басшылықтың құзыретіндегі мәселе емес, сонымен қатар барша халық бо­лып бірлесе атқаратын шаруалар мен игі істердің үлес салмағы мол.

Мемлекет тарапынан бері­ліп жатқан білім гранттары мен басқа да қаржылай грант­тар – ел болашағына жа­сал­ған инвестиция, елдің жар­қын болашағының кепілі. Осы іс-шаралардың оң жолға қойылуы – Әділетті Қазақ­стан құрудың басты қадамы­ның бірі. Осындай игі іс-шаралар­мен қатар, халықтың рухани дамуы мен ішкі және сыртқы мәдениетке назар аударуы, білім­ге ұмтылуы – ортақ мүддеге жетудегі алғы­шарт­тардың бірі. Ел әлеуеті­нің көтеріліп, халықтың жағ­дайының артуы болашақ үшін маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің көркеюіне үлесін қосу – сана­лы ұрпақ міндеті. Әділетті қо­ғам­ның парасатты ұрпақтың қа­та­рына қосылудың күні алыс емес екеніне шынайы сенемін.

 

Еңлік ҚАСАБЕКОВА,

Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері