• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Саясат 24 Қазан, 2023

Белсенді байланыстар байламы

119 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ресей президентінің халықаралық мә­дени ын­ты­мақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мәдени-гумани­тар­лық саладағы екіжақты өзекті мәсе­лелер талқыланып, сондай-ақ театр өнері, көрмелер ұйымдастыру сынды бас­қа да бағыттарда мәдени тәжірибе алмасу жобаларын бірігіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап мәдени-гуманитарлық саладағы белсен­ді байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.