Оқиға Ақтөбе қаласындағы «Әлия» базарында болды. Қала тұрғыны ForteBank терминалына 480 мың теңге салып, операцияның аяқталуын күтпей кетіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Диапазон сайтына сілтеме жасап.
Анықталғандай, терминал 480 мың теңгенің тек 2 мыңын ғана қабылдап, қалған 478 мың теңгені қайтарып берген. Алайда ақшаның иесі ақшасын ұмытып кеткен көрінеді. Жақын маңдағы Kaspi Bank терминалында тұрған жас ерлі-зайыптылар бұл ақшаны алып, «Әлия» базарының әкімшілігіне тапсырды.
«Жас жұбайлар бізге бұл соманы алып келгенде қатты таң қалдық. Олар болған жағдайды түсіндірді. Біз бұл ақшаны сейфке салып, ForteBank өкілдеріне хабарладық», деді базар директоры Татьяна Вакуленко.
Бір күннен кейін банк өкілдері ақшаны алып кетіп, оны иесіне қайтарғаны мәлім болды.