• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Бизнес 25 Қазан, 2023

Димаш қарындасының Астанадан ашқалы жатқан бизнесіне қолдау білдірді

3423 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген қарындасының Астанадан ашқалы жатқан бизнесіне қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

«Елге келгелі түрлі кездесулерге қатысып, игі жақсылармен кездесіп жатырмын. Астанаға келген кезде астанамыздың символы «Бәйтерек» монументіне соқпай кету мүмкін емес. Монументтің жанында «Daididau» ұлттық рестораны ашылғалы жатыр. Осы ресторанның Раушан @raushan_kudaibergen қарындасым бастаған ұжымына сәттілік тілеймін!», деген Димаш.

Ол нысанның Астанаға келген әр туристің сүйікті орынына айналатынына сенім білдірген.

«Бұйырса, ресми ашылу уақыты «Daididau» ресторанының парақшасында алдын-ала айтылады», деп мәлімдеді эстрада жұлдызы.