19 қазанда 22 жастағы бойжеткен әпкесімен бірге аула жолымен келе жатқан, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Ол жерде негізінен адамдар жаяу жүреді, артымыздан көлік келе жатыр екен. Бізге сигнал берген сияқты болды. Даусы әлсіз ғана, алыстан естілді. Сосын көлік мені кенет соғып жіберді. Мен қорқып кеттім, аяғымнан әрең тұрдым, құлап қалсам, мені басып кетеді деген ой болды. Бар күшімді жиып, секіріп тұрдым да қолымдағы қағаз ыдыстағы кофені көліктің артынан лақтырып жібердім. Жүргізуші атып шығып, айқайлай бастады: «Сіз менің сигнал бергенімді естімейсіз бе?!» деген ол бірден бетімнен жұдырықтай жөнелді», деп түсіндірді Елена оқиға барысын.
Елена осындай төрт соққы болғанын айтты. Қарсыласу мүмкін болмаған. Әпкем екеуміз әзер дегенде қашып құтылдық. Ол қуып жетпек болды, сосын көлікке отырып, кетіп қалды. Елена полицияға арыз жазғанда да ол байланысқа шықпаған.
Осы келеңсіз жағдайдың жай-жапсарын полиция бөлімінен сұрадық.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты: «48 жастағы Chevrolet жүргізушісі қызды қағып кеткенін» мәлімдеді. Сосын көліктен түскен ер адам оның басынан бірнеше рет ұрған. Жол-көлік оқиғасы және дене жарақаты полицияда тіркелген.
Ер адамға қатысты үш әкімшілік іс қозғалды: ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру», «Көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» және «Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерін орындамауы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы)».
Екі бөлек сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Екі факті бойынша соңғы шешімді әкімшілік сот шығарады.