Қытай шаһары Ханчжоудағы Азия пара ойындары байрақты бәсекесінде Қазақстанның пара пауерлифтингшілері қоржынға бір күміс, бір қола салды, деп жазады Egemen.kz.
73 келі салмақ бойынша отандасымыз Раушан Қойшыбаева 119 кг зілтемірді көтеріп күміс медаль жеңіп алды.
Тағы бір отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Рахметжан Хамаев 203 кг зілтемірді еңсеріп, қола жүлдегер атанды.