• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2023

Таразда нәрестені 1,5 миллион теңгеге сатқан екі акушер сотталды

399 рет
көрсетілді

Таразда нәрестені сатуға қатысты шулы іске нүкте қойылды. Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Екі дәрігер кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Orda.kz тілшісінің мәліметінше, Тараздағы көпсалалы аурухананың екі акушеріне айып тағылған. Олар алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамға кәмелетке толмағандарды саудалаған. Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қараша айында 35 жастағы әйел жүктілігінің жетінші айында түсік жасатқысы келген, сотталушы дәрігерлер оны тоқтатқан. Нәтижесінде аяғы ауыр әйел нәрестесін дүниеге әкеледі, бірақ оны тамақтандырудан бас тартып, медициналық мекеме қызметкерлерінен баланы алып кетуді талап еткен.

Әйелдің жағдайын отбасынан жасырғанын түсінген Б нәрестені сатуға көмек сұрап әріптесі Ю-ға хабарласады. Өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін акушерлер алдын ала сөз байласып, бір топ адамға сәбиді 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.

Алайда бұл іске құқық қорғау органдары араласты. Кейбір мәліметтерге сәйкес, сатып алушы баланы заңды түрде өз фамилиясына тіркеуге тырысқан. Бұл ретте барлық төлем сомасының бір миллионы биологиялық анаға берілуі керек болса, 500 мыңы құжат рәсімдеуге жұмсалады деп жоспарланған. Сәбиді сатып алушы, расталмаған деректер бойынша, он жыл бойы өз бетінше балалы болуға тырысқан.

Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және заттай дәлелдемелермен объективті түрде расталды. Дәрігерлер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бала тағдырын сот шешкенше балалар үйінде болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.