• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қазан, 2023

Шахтадағы өрт: Қаза тапқан кеншілер саны 28-ге жетті, 18 адам әлі табылмады

329 рет
көрсетілді

Костенко атындағы шахтадағы өрттен қаза тапқан тағы жеті адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 28 адамның мәйіті табылды, 18 кенші әлі де іздестіріліп жатыр», делінген хабарламада.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

Ақпараттық және психологиялық қолдау үшін Қарағанды – (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 («АрселорМиттал Теміртау») және Астанада – (8-7172) 70-41-08 жедел желі телефондары жұмыс істейді.

Еске салайық, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасынан өрт шықты. Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Бас Прокуратура аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге барды.