Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің «ҚАШ» фильмі Польшада өтетін халықаралық фестивальдің қазылар алқасына үздік дебюттік фильм ретінде ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Режиссердің өзі аккаунтында фильмнің кадрларын жариялап, жанкүйерлері мен көпшілікке қуанышты жаңалығын жариялады.
«ҚАШ» толықметражды фильмімнің Camerimage фестивалінде үздік дебюттік жұмыс атағына ұсынылғанын қуана хабарлаймын», - деп жазды Сейітов.
Camerimage халықаралық кинематография фестивалі — поляк байқауы. Ол кинематографистер шығармашылығын сарапқа салуымен ерекшеленеді. 1993 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Фестивальдің бас жүлдесі – «Алтын бақа».
Осы жазда Айсұлтан Сейітов Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясында жүлде алды. Оған сыйлық «ҚАШ» картинасында жасаған жұмысы үшін берілді.