2023 жылғы Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Шахтер» мен «Астана» арасындағы ойын көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
«Костенко атындағы шахтадағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан чемпионатының 26-шы турында «Шахтер» - «Астана» матчы көрерменсіз өтеді», деп хабарлады қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.
Ойын 29 қазанға жоспарланған, басталуы - 17:00-де. ҚКФЛ шешімімен Қазақстан чемпионатының 26-шы турындағы барлық матчтар бір минут үнсіздікпен басталады.
Еске салайық, 28 қазанда түнгі сағат 02.33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. Жер астында 252 адам болған, олардың 205-і бірден жоғарыға шығарылды.
29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.