• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Есірткі 30 Қазан, 2023

Бұдан былай OLX-тағы есірткі курьерлерін жалдау хабарламалары бұғатталады

214 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек балалардың есірткі қылмысына араласу қаупін азайту үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның сөзіне қарағанда, ел билігі OLX компаниясымен есірткі курьерлерін жалдау туралы хабарландыруларды бұғаттау туралы келісімге келген.

Шұғыла Тұрлыбек кәмелетке толмағандар мен жастар есірткі таратып жүрген жерінен көп ұсталып жатқанын мәлімдеді. Мұндай қылмыстар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Дегенмен ол есірткі курьерлерін жалдау үшін электронды коммерция платформалары пайдаланылатынын айтты.

«Қазірдің өзінде Қазақстандағы OLX өкілдігімен тиісті келісімге қол жеткіздік. Қазақстанда әлеуметтік желілердің өкілдігін ашу бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр», деді Шұғыла Тұрлыбек.