• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2023

Шымкентте тұрғындар бесінші қабаттан құлап кеткен қызды қағып алған

221 рет
көрсетілді

Шымкентте Асар-2 шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2003 жылғы қыз құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның абайсызда болғанын хабарлады.

«29 қазан күні сағат 19:17-де «102» қызметінен хабарлама түсті. Абай ауданы Асар-2 шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан абайсызда пәтер иесінің 2003 жылғы туылған қызы құлап, әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын полиция департаментінің қызметкерлері анықтап жатыр», деді Шымкент төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі Әлімжан Хадидханов.

Дегенмен үлкен биіктіктен құлаған қыз ауыр жарақат алмаған. Мамандар барлық тексеруден соң амбулаториялық ем тағайындаған.

«Анасының айтуынша, сол маңда жүрген ер адамдар қызын қағып алған. Сол сәтте маңдай және бетінің асфальтке ұрылғанын айтады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылып, облыстық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілген. Кезекші дәрігерлермен қаралып, барлық тексеруден өтті"», деді облыстық клиникалық аурухана хирургы Тимур Тұрғанбеков.