Елордада медицина университетінің мүмкіндігі шектеулі жандар мен балаларды азаптаған студенті 4 жыл 8 айға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Астана арнасының жазуынша, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ жәбірленушілердің әрқайсысына 2 миллион теңге төлейді.
Оқиға Астанадағы клиникалардың бірінде болған.
Сот мәліметінше, 22 жастағы студент аутизмге шалдыққан балаларды қорлап, оны видеоға түсіріп әлеуметтік желіде таратқан.