• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 31 Қазан, 2023

Тағы бір отандасымыз Париж Олимпиадасында бақ сынайды

149 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз   Арина Алтухова Париж жазғы Олимпиадасының  жолдамасын иеленді, деп хабарлайды  Egemen.kz Туризм  және спорт министрлігіне қарасты Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

50 метр қашықтықтан  пневматикалық тапаншамен үш позициядан оқ ату бәсекесінде отандасымыз финалда 5-орын иеленіп, Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін осы спорт түріндегі екінші лицензия.

Бакуде өткен әлем чемпионатында алғашқы жолдаманы Ислам Сәтпаев алған еді.

Оңтүстік Корея елі ұйымдастырған Азия чемпионаты 2 қараша күні мәресіне жетеді. Құрлық додасында  Париж жазғы Олимпиадасының 24 жолдамасы таратылады.