• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қараша, 2023

Қарашаның алғашқы күні: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

421 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1 қарашада 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.