• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қараша, 2023

Білгендей қызына өсиет қалдырыпты: Желіде қаза болған кеншінің соңғы видеосы тарады

381 рет
көрсетілді

Қарағанды шахтасында қаза тапқан кеншілердің бірі Ақынжан Орақбаевтың әлеуметтік желіге жүктеген соңғы видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақынжан Оракбаевтың артында бір қызы мен аяғы ауыр әйелі қалған. Желі қолданушылары марқұм дәм-тұзы таусыларын сезгендей қызына өсиет қалдырғанын жазып, кеншінің отбасына көңіл айтуда.

"Тылсымға толы ғаламат! Арнайылап қызына айтып кеткендей екен! Алла панасына алсын!", "Қызына айтқан соңғы өсиеті екенін қайдын білсін сол кезде, қу тіршілік, бір кем дүние", "Білгендей өсиет айтқан екен. Аллам сабыр берсін отбасына", "Жемқор билік ай, обалың соларға болсын", "Жаның жәннәтта шалқысын бауырым", - деп жазды олар.