• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Қараша, 2023

Есілдің несібесін еселейді

151 рет
көрсетілді

Өзен-көлдің байлығын арттыру мақсатында балық түрлерінің шабағын өрбіту – ұдайы ұйымдастырылып келе жатқан игі іс-шара. Осы бағыттағы жұмыстың бірі – елордадағы Есіл өзеніне жіберілген 100 мың ақ амур шабағы.

Ақ амур 30 кг-ға дейін салмақ қосады, табиғи ортада тез өседі. Мамандардың айтуынша, балықтың бұл түрі резервуардың санитары болып саналады, артық өсімдіктерді жеп, тоғанды балдырлардан тазартады.

«Бүгін Есіл өзеніне екі жасар 100 мың ақ амур жіберілді. Балық аулау үдерісі балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының ұсыныстарына негізделеді. Бұл ретте су айдындарындағы түрлі арақатынастағы балық санын өлшеудің орташа статистикалық нәтижелері де қаперге алынып отырады», деді Астана қаласының Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы бөлімінің басшысы Жангелді Қарабаев.

Балық аулау бойынша жоспарлы жұмысқа астаналық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бас­қармасы, Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы, Ақмола облысы бойынша BD балық шаруашылықтары қауымдастығы, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС солтүстік филиалы, «Бұқтырма» уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия жұмылдырылды.