Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сонымен қатар комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың, Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің және тиісті мемлекеттік органдар атқарған жұмыстар туралы өзге де лауазымды тұлғалардың есебі тыңдалды.
Сонымен қатар комиссия төрағасы Қазақстан азаматтығынан шыққысы келетін тұлғалардың саны кейінгі 4 жылда 15 есеге төмендегенін айтып, мұны оң үрдіс ретінде бағалады. Нақты айтқанда, 2019 жылы мұндай адамдардың саны 1,7 мың, 2020 жылы – 0,9 мың болса, 2021 жылы – 123, ал 2022 жылы 114 адам болған.
Комиссия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар әзірленді.