• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Қараша, 2023

Парламенттік дипломатия келешегі

196 рет
көрсетілді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Мәртебелі мейманды Мәжілісте қарсы алған спикер қазақ пен мажар халықтарының тарихы тығыз байланысты екенін атап өтті.

Мәжіліс төрағасы екі ел арасын­дағы қарым-қатынас Қазақстан Пре­зи­денті мен Мажарстан Премьер-министрінің тұрақты кездесулері арқасында стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін айтты. 

Ол Мажарстан Үкіметінің басшысына елдегі ауқымды реформалар мен саяси жүйені қайта жаң­ғыр­ту туралы ақпарат берді. Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық саясаты аясында 2029 жылға қарай ұлттық эконо­миканың көлемін екі есеге ұлғайту жоспарланғанына тоқталды.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов «Күшті Президент – ықпалды Парла­мент – есеп беретін Үкімет» қағидаты аясында Парламенттің рөлі мен мәртебесі күшейгеніне назар аударды. Қазіргі шақырылым Қазақстан тарихында ең көппартиялы болып отыр. Мәжіліс түрлі саяси көзқарас пен күштердің алаңына айналды. Әйелдердің, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың және жастардың саны көбейді.

Әңгіме барысында тараптар достық топтары арқылы және басқа да алаңдарда парламенттік дипло­матияның даму келешегін талқылады.

– Біз Мажарстандағы әріптес­термен түрлі халықаралық форумдарда, соның ішінде Түркі мемлекеттері Пар­ламенттік Ассамблеясының іс-шараларында жиі кездесіп тұрамыз. Бір жыл бұрын Мажарстан Мем­лекеттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шандор Лежак Қазақ­станға келді. Мәжілісте нәтижелі диалог болған еді, – деді Ерлан Қошанов.