Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған еліміздің бір топ делегациясы ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумының жұмысына қатысты.
Форум аясында «Газпром» ЖАҚ-пен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ол табиғи газды тасымалдау, қайта өңдеу, геологиялық барлау және басқа да іс-шаралар мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдардың кең спектрін көздейді.
Сонымен қатар «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесу өтті. Кездесу барысында арадағы ынтымақтастықтың оң динамикасы атап өтіліп, тараптардың одан әрі өзара тиімді әріптестікке әзірлігі айтылды.