• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қараша, 2023

Балаларды балабақшаға орналастыру үшін енді құжат жинаудың қажеті жоқ

317 рет
көрсетілді

Кезекке тұру мәселесі де толықтай жаңа үлгіге ауыстырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 11 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйым бар. Оларға 1 миллионға жуық бала барады. Бұл 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 90% жуығы.

Демек орын тапшылығы әлі бар. Министірдің мәлімдеуінше, жаңа жылдан бастап кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы іске қосылады.

- Осы жүйе қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде. Сол кезде 4 балабақшаға дейін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ата-аналардың кезекте тұрып қалмай, өзінің баласын тезірек орналастыру мүмкіндігі қарастырылған, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.