Бүгін елорда төрінде өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке «Түркі әлемінің ең жоғары ордені» табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақорда баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл бастаманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды», делінген хабарламада.