Әлеуметтік желіде жолда жатқан кілем бейнеленген фотосурет тарап жүр. Анықталғандай, Алматы тұрғындары жолдағы шұңқырды кілеммен жауып, мәселені өз бетінше шешпек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Айбергенов көшесіндегі шұңқырға қатысты шағым 31 қазанда түскенін айтты.
Ал бұл кілемді жергілікті тұрғындар төсеп қойған екен.
«1 қарашада ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында тұрғындардың өтініші қаралды. Дәлірек айтқанда, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді», делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
Әкімдік өкілдері Наурызбай ауданына қатысты арыз-шағымдарды әкімдіктің Instagram-дағы парақшасына жазуға (@akimat_nauryzbai_audany) немесе +7 700 308 7020 нөміріне қоңырау шалуға болатынын қоса хабарлады.