• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қараша, 2023

Жемқор әкімнің ролін сомдаған актер директор қызметіне тағайындалды

4911 рет
көрсетілді

Танымал актер Рүстем Омаров «Елімай» футбол клубына директор болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

– Біздің амбассадор – Рүстем Омаров (оны таныстыруды қажет етпейтініне сенімдіміз!) - біздің даму жөніндегі жаңа директорымыз болып тағайындалды! Рүстем кезінде футболмен кәсіби түрде айналысқан, сондықтан ол әрбір ерекшеліктерді түсінеді және де біздің клубымызды медиаконтент бойынша ең креативті және жоғары деңгейлі клубқа айналдыру үшін барын салады. Күте тұр, КПЛ, біз осындамыз! Қош келдіңіз, Рүстем! – деп жазылған клуб парақшасында.

Айта кетейік, Рүстем Омаров - "Сәке", "Патруль", "Мошенники", "103" секілді танымал сериалдарда негізгі рөлдерді ойнаған актер.