• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қараша, 2023

"Бас жарылса, бөрік ішінде". Димаштың анасының жас келіндерге кеңесі

3456 рет
көрсетілді

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева жас келіндерге айқыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның пайымынша, келіндер отбасының жақсылығын асырып, жамандығын жасыруы керек.

Тіпті, ол шаңырақты шайқалтпай, отбасындағы ауызбіршілікті қалай сақтап қалуға болатынын түсіндірді.

Cвета Айтбаева осы тақырыптағы ойын «Жақсы адамдарым» бағдарламасында жеткізді.

"Біздің қатарластырымызда ренжісу, екі жаққа кетіп қалу, ажырасу, төркініне қайтып кету деген сияқты жайттар болмаған екен. Менің ойымша, қазіргі жас келіндерге қажет дүние, «бас жарылса, бөрік ішінде» дейді ғой. Отбасындағы, ошақ қасындағы әңгімені сырт жаққа тасымау керек. Ер азаматын ағайын-туысына, төркініне, қайын жұртына жамандап айтпау керек. Сол кезде ғана отбасында береке, тыныштық, керемет бірлік болады деп санаймын", деді әншінің анасы.

Ол қазіргі жаңа түскен келіндер аналарына жиі хабарласып, көп шағым айтып жататынын атап өтті.

"Өкінішке қарай, мұндай келеңсіз жайттар көптеп кездеседі. Осыдан қашық болу керек. Бір оттың басына келген соң, сол кішігірім отаныңның бірлігін сақтау үшін түк білдірмей, жаманын жасырып, жақсысын асырып, бір түтінді түзу түтетіп отыру керек деп ойлаймын", деді Димаштың анасы.