Жетісу облысына қарасты Кербұлақ және Сарқан аудандарында әкімдерді пилоттық режимде сайлау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше аудан әкімдерінің сайлауы бойынша барлығы 94 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, соның ішінде Кербұлақ ауданында – 60, Сарқан ауданында - 34. Екі аудандық аумақтық комиссиялардың 21 мүшесі, учаскелік сайлау комиссияларының 538 мүшесі сайлауға жұмылдырылған.
Екі аудандағы жалпы сайлаушылар саны 54 634 адамды құрап отыр, нақты атап айтқанда, Кербұлақ – 27 787 адам, Сарқан – 26 847 адам.
Еске салайық, мұндай сайлау елімізде алғаш рет өтіп отыр. Бүгін сайлау еліміздің 3 қаласы мен 42 ауданында жүріп жатыр.