• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2023

Арзан ет сатамын: Қостанайда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

308 рет
көрсетілді

Қостанайда алаяқтар арзан ет пен туралған ет ұсынып, қала тұрғындарын алдаудың жаңа әдісін қолдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтық туралы құқық қорғау органына жергілікті тұрғын арызданған. Ол қазанның 21-і күні ет сату туралы хабарландырулар жарияланатын WhatsApp тобына кіргенін жеткізді.

Топ әкімшісі оның қазіргі таңда тартылған ет сатып алу туралы өтініші орындалмайтынын айтқан. Өйткені, ет бітіп қалған.

Кейінірек оған бейтаныс нөмірден туралған етті топта ұсынылғаннан да төмен бағаға сатып алуға болатыны жайында хабарлама түседі. Бойжеткен көрсетілген нөмірге – 13 мың теңге салып жіберген, бірақ өзіне тиесілі өнімді ала алмаған.

Ақшасынан айырылған жәбірленуші полицияға хабарласуды ұйғарады. Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптама жұмыстары жүргізілуде.