• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Қараша, 2023

Қарым-қатынасты нығайтуға дайын

188 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік коми­тетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев Корея Республикасы Ұлттық Ассам­б­леясындағы Қазақстанмен достық тобына мүше депутаттармен кездесті.

Сенатор өз сөзінде Корея Қазақстан­ның Азия-Тынық мұхиты айма­ғын­дағы негізгі саяси және эконо­мика­лық әріп­тестерінің бірі екенін атап өтті. Ел­деріміз арасындағы сауда-эко­номика­лық және инвестиция сала­ларындағы ынтымақтастық қар­қын­ды дамыды және рекордтық көр­сет­кіштерге жетті. Сенатор соны­мен қатар еліміздегі негізгі құры­лым­дық экономикалық реформалар туралы айтып, жүргізіліп жатқан өзгеріс­тер сауда-экономикалық және инвести­циялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Өңдеу секторын дамытуға басты назар аударылады. Метал­дарды терең өңдеу, мұнай химиясы, ауыр машина жасау, уранды байыту сияқты салаларда ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта шетелдік және отандық инвесторлар алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босатылады. Бұл – нақты өңдеу саласына елеулі серпін беруге тиіс негізгі мәселе. Агроөнеркәсіп кеше­нін дамытуға баса назар аударылады. Цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелері де басты назарда болады», деді С.Алдашев.

Кездесуге қатысушылар ақпарат­тық технологиялар, цифрландыру, жасыл экономиканы ілгерілету, кибер­қылмыспен күрес, машина жасау, тау-кен өндірісі және атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кореядан келген делегаттар іс-шара соңында Қазақстанмен ынтымақ­тастықты жоғары бағалайтындарын және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға белсенді ықпал етуге дайын екендерін атап өтті.