• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Басылым 06 Қараша, 2023

Басқа басылымдардан: Макрон Орталық Азияға не үшін барды?

134 рет
көрсетілді

Франция пре­зи­ден­ті Эм­ма­нюэль Макрон Орталық Азия­ны аралап жүр. Бұл сапар өңір­дің Еуропаны ядролық және қаз­ба­лы отынмен қам­тамасыз етудегі ма­ңы­зын көрсетеді.

Сондай-ақ Қазақстан және Өзбек­стан­мен бизнесті, қарым-қаты­насты дамыту да – басым бағыттың бірі. Дегенмен Макрон сапарының мәнін түсіну үшін былтырғы шілдеге орал­ған жөн.

Нигердегі әскери төңкеріс Фран­ция­ның ядро­лық өнер­кә­сібіне қажет уранды жеткізуге қауіп төндіруі мүмкін деген алаңдаушылық болған. Шын мәнінде, текке үрейленбеген екен. Былтыр Нигер Францияға уран жеткізу жөнінен екінші орынды иеленді. Басты экспортер – Қазақстан.

Президент Макрон сәрсенбі күні әлемдегі ең ірі уран өндіруші ел – Қазақстанға ат басын бұрды. Бейсенбіде көршісі се­кілді негізгі өндіруші саналатын Өз­бек­станға барады.

Сәрсенбіде баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияны «негізгі және сенімді серіктес» ретінде жоғары бағалады. Бұған жауап ретінде Макрон Тоқаевқа Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын орындағаны үшін алғыс айтты.

Украинаға басып кіргеннен соң Ре­сейдің Еуро­палық одаққа мұнай экспорты күрт қысқар­ған­дық­тан, Қазақстан Еуропаға «қара алтын» жеткізу жөнінен Норвегия мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынды иеленді.

Бірақ Орталық Азия ураны Фран­ция­ның ерекше қызы­ғу­шы­лығын туғы­зады. Аталған ел электр қуатының 60 пайыздан астамын атом энергиясынан өндіреді. Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан өз инженерлерін даярлау және отандық атом энергетикасын дамыту аясында француздық ноу-хауды пайдалануды көздейді.

«Қазақтарды біздің атом энергетикасы сала­сын­дағы тәжірибеміз қатты қызықтырады», деді француз делегациясы мүшелерінің бірі. Оның айтуынша, Францияның мемлекеттік «EDF» компаниясы Қазақстанның тұңғыш атом электр стансасын салуға қатысуға ниет білдіріп отыр. Ал Париж үкіметі француз университеттерінің Қазақстанда филиалдарын ашуды қалайды.

 

Ел егемендігіне басымдық береді

Франция пре­зи­ден­ті ке­ңес ода­­ғының құ­ра­мында болған Қазақ­стан мен Өзбекстанға ресми сапармен барды. Эмманюэль Макрон экономикалық мәні бар үкіметаралық шарттар мен ке­лісімдерді талқылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбек­станның егемендігі туралы сөз қозға­мақ. Оның мақсаты – әлемнің түкпір-түк­пірінде Батыстың ұстанымы пікірталас туғы­зып жатқанда аталған екі мемлекетпен әріптестікті нығайту, Ресей мен Қы­тай­дың ықпалын шектеу.

Осыған және Украинадағы соғысқа байланысты G7 елдері Қазақстанға ерекше назар аударып отыр. 

Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеёвпен негізгі сая­си мәсе­лелерді, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды талқы­ла­мақ. Соның ішінде олардың экономикалық және мәдени аспектілерін тереңдету қарастырылған.

Қазақстанға сапардың мақсаты – 2008 жылы қол қойылған «стратегиялық серіктестікті» жүзеге асыру. Оған «Қашаған» алып теңіз мұ­най кенішінің 16,81 пайыз үлесін иеленетін «Total» және уран кеніштерінен 37 пайыз өнім шы­ғаратын Орано ком­па­нияларының қызметі кіреді.