• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2023

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?

1369 рет
көрсетілді

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні. Осы мерекеге байланысты Қазақстан тұрғындары үш күн қатарынан 16-18 желтоқсан аралығында демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қараша айында мерекелік демалыстар жоқ.

Қазақстан халқы желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18-і күндері демалады, өйткені мереке күні 16-сы сенбіге сәйкес келеді.

Жылдың соңы, яғни желтоқсанның 30-31 күндері сенбі-жексенбіге тура келеді.

Бұл айда барлығы 11 демалыс күні бар.