Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңадан құрылатын екі басқарма көрші елдермен су мәселесін шешеді. Бұл туралы осы салаға жауапты министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің жанынан екі жаңа басқарма құрылады. Олардың бірі Орталық Азия елдерімен қарым-қатынас мәселелерімен шұғылданса, екінші басқарма Қытай және Ресеймен тіршілік нәріне қатысты байланысты нығайтады. Қазақстандағы суармалы жердің 80%-ы оңтүстік өңірге тиесілі. Ендеше жер емген диқандардың суға деген зәрулігін тудырмаудың бір жолы – Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажет. Сондықтанда жаңадан құрылатын қос басқармаға артылар жүк те салмақты болмақ.