• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қараша, 2023

Қостанай облысында төрт аудан, бір қалаға әкім сайланды

145 рет
көрсетілді

Қостанай облысында Алтынсарин, Денисов, Қарабалық және Федоров аудандарының, сондай-ақ Рудный қаласының әкімдері сайланды.

Қараша айының алғашқы жексенбісінде өткен дауыс беру нәтижесі бойынша, Рудный қаласына Виктор Ионенко, Федоров ауданына Тәуба Исабаев, Қарабалық ауданына Руслан Халықов, Денисов ауданына Руслан Қатпаев,  Алтынсарин ауданына Арнұр Сартов әкім болып сайланды.

«Аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы – елімізде жүріп жатқан мемлекеттік жүйені институционалдық жаңғырту саясатының дәйектілігін көрсетеді», дейді сарапшылар.