Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы «Еуро-2025» іріктеу турниріне даярлығын ертең Астанада бастайды. Ал 16 қарашада жерлестеріміз сырт алаңда Мальтамен шеберлік байқасады.
Аталған матч қарсаңында команданың аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетовтің таңдауы мына ойыншыларға түсті: Қақпашылар – Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елім-ай»), Данил Карпиков («Шахтер»). Қорғаушылар – Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков («Атырау»), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин («Қайрат»), Саламат Жұмабеков («Астана»). Жартылай қорғаушылар – Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдолла («Шахтер»), Нұрәлі Жақсылық («Астана»). Шабуылшылар – Сэйф Попов («Қайрат»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь).
Ал Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко, Әділет Сәдібеков («Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтаарал»), Бейбіт Ғалым («Тобыл») және Иван Свиридов («Шахтер») қосалқы құрамға енді.