• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Қараша, 2023

Жаңбырдың соңы қар: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

1226 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 7-9 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Болжам бойынша жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін.

8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі деген болжам бар.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде 0-8 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін, шығыста 2-13 градус аяздан 0-8 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2 градус аяз-5 градус жылыдан 3-10 градус жылыға дейін аздап жоғарлайды деп күтіледі.