• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Қараша, 2023

Өңірлік қауіпсіздіктің басым бағыттары

186 рет
көрсетілді

Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Қауіпсіздік Кеңесі хатшыларының XI кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Кездесуге қатысушылар Достастық кеңістігіндегі қауіп­­сіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Тараптар қазіргі жағ­айдағы халықаралық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен қауіптеріне, гибридті қауіп күшейген кезде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтама­сыз етуге, сондай-ақ суды пайдалануға және ТМД елдеріндегі су ресурстарын бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов әріптес­теріне өңірлік қауіп­сіз­дік­тің негізгі бағыттары бо­­­йын­ша Қазақстанның ұста­­ны­мы туралы мәлі­мет берді. Сондай-ақ мем­лекетіміз­дің мүддесін ескере отырып, өзара іс-қимылды дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.