Футболдан Словения құрамасы «Еуро-2024» додасының іріктеу турнирі аясында 18 қарашада Данияға қарсы ойнаса, арада үш күн өткеннен соң Қазақстанмен кездеседі.
Аталған мемлекеттің ұлттық құрама командасының бас бапкері Матьяж Кек алдағы матчтарда мына ойыншыларға сенім артатынын жария етті. Қақпашылар – Ян Облак («Атлетико Мадрид»), Вид Белец (АПОЭЛ), Мартин Турк («Парма»). Қорғаушылар – Яка Бийол («Удинезе»), Юре Балковец («Аланьяспор»), Миха Блажич («Лех»), Жан Карничник, Давид Зец («Целе»), Ваня Дркушич («Сочи»), Эрик Янза («Гурник»). Жартылай қорғаушылар – Ясмин Куртич («Университатя Крайова»), Петар Стоянович («Сампдория»), Бенджамин Вербич, Адам Гнезда Черин («Панатинаикос»), Миха Зайц («Фенербахче»), Санди Ловрич («Удинезе»), Макс Эльшник («Олимпия»), Йон-Горец Станкович («Штурм»Ян Млакар («Пиза»), Нино Жугель («Будё/Глимт»). Шабуылшылар – Андраж Спорар («Панатинаикос»), Лука Захович («Погонь-Щецин»), Беньямин Шешко («Лейпциг»), Жан Випотник («Бордо»).
Естеріңізге сала кетейік, Н тобында Дания мен Словения көш бастап келеді. Екеуінің де қоржынында 19 ұпайдан бар. Үшінші орында – Қазақстан. Жерлестеріміздің басты қарсыластарынан төрт ұпайы кем.