• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Қараша, 2023

ТҮРКСОЙ-дың елеулі жоспары

132 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Сұлтан Раев Ерлан Қаринге биыл құ­рыл­­­ғ­анына 30 жыл толған Ха­лық­ара­­лық түркі мәдениеті ұйым­ның ат­­қар­ған жұмыс­тары мен ал­дағы жос­парлары жөнінде ақпарат берді.

Мемлекеттік кеңесші осы 30 жыл ішінде ТҮРКСОЙ түркі ха­лықтарының мәде­ни мұра­сын насихаттауда және түркі мем­лекеттері арасындағы мәдени-рухани қарым-қатынастарды дамытуда толайым табысқа жет­кеніне тоқталды.

Ерлан Қариннің пікі­рін­ше, Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төраға­лығы аясында бел­гі­ленген басым мін­деттер­ді жүзе­ге асыру кезін­де ТҮРКСОЙ зор рөл атқа­ра­ды. Ұйым­ның Х сам­миті Астана­да табысты өтті.

Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен келесі жылы Қазақстанда өте­тін V Дүниежүзілік көшпе­лілер ойыны шеңберінде мәде­ни іс-шараларды бірлесіп ұйым­­дастыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында Ерлан Қарин мен Сұлтан Раев ТҮРКСОЙ ұйы­мы арқылы түр­кі бір­лігін дәріп­теу­ге бейілді екендерін нақтылады.