• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қараша, 2023

Еліміздегі пойыз локомотивтері қысқа дайын ба?

257 рет
көрсетілді

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық филиалында локомотивтерді қысқа дайындау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Самұрық - Қазына» Қорының ресми Telegram - арнасына сілтеме жасап.

Тексеру барысында қысқы кезеңдегі жұмысқа 1,4 мыңнан астам локомотив дайын екені анықталды. 

«Локомотивтердің тартқыш жылжымалы құрам тораптары мен жүйелері қысқы жұмыс режиміне ауыстырылды. Сондай-ақ қауіпсіздік құралдары, дизель-генератор қондырғылары, тартқыш электр қозғалтқыштары, қосалқы жабдықтар мен автотежегіштер тексерілді. Локомотивтердің техникалық, эстетикалық, өртке қарсы, санитарлық жағдайлары да бақыланды. Тексеру жұмыстары осы жылдың 10 қыркүйек - 10 қараша аралығында жүргізілді», делінген хабарламада.